- 6.35 MB
- 02:47
- 320 kbps
- 11.09.2026
MÖBIUS SXNTQSN, TRMN
Текст песни:
Уақыт өтіп барады
Күліп қойып артыма қарадым
Архивқа саламын
Ашамын жаңа бет парағын
Өмірге ризамын, толықтай ләззатын аламын
Уақыт өтіп барады
Ауыру кетсе де
Әдетің қалады
Жарыққа ұмтылам
Керегі жоқ қараңғы
Уақыт өтіп барады
Қасымаймын ескіріп кеткен жараны
Болашақ күтуде, тосын сый бар әлі
Уақыт өтіп барады
Есейген сайын реалист боп барамын
Өмірден күнде-күн тәжірибе аламын
Уақыт өтіп барады
Құдайдан өзіме жанұя тіледім
Сенімің болса, бәрі де болады
Уақыт өтіп барады
Өлтірдім іштегі кішкентай баланы
Өлдім де, тіріліп қайтадан оралдым
Уақыт өтіп барады
Зерттеймін әр түрлі саланы
Қаладан шаршасам, ауылға кетем де қаламын
Тарихи тізбекке оралдым
Уақыт өтіп барады
Тазартып жүрек пен сананы
Түсініп ақ пен қараны
Суытып алмайық арамызды, бауырым
Өзімнің жолыммен барамын
Иә, бәрі бұрынғыдай емес, сірә
Бұрынғыдай емес, сірә
Деп көп айтады үлкендер
Ал біз бала кезімізде татқанымыз — арзан шарап
Өркениет, ереже өзгеруде
Әр ортада өзіндік өнеге
Есіңе алшы қара күрте, қара көлікпен
Расында айнала өзгеруде
Шағын бизнес қарама-қарсы мектепте
Он бес минуттық үзілісті күтуде
Сол кездер, Әй, баяғы
Қызыққа толы тоқсанның аяғы
Кішкентайымнан болса да куәгермін
Енді мен де есік алды жастарына ардагермін
Мәншүк Мәметова алаңы жүрегімде
Ыстық маған олд скул, яғни ескі мектеп
Көше кезу, көше-көше кезу
Көше кезу, көше-көше кезу